Түркістан облысында басқарма басшысы жазаға тартылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
275

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің әдеп жөніндегі кеңесі облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 30 жастағы басшысы Сұлтанғали Жалықұлды төбелеске қатысқаны үшін қызметінен босатуды ұсынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

"Түркістан облысы бойынша агенттік департаменті әлеуметтік желілерде үлкен қоғамдық резонанс тудырған мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес фактісі бойынша қызметтік тексеріс жүргізді. Тексеріс қорытындысы бойынша, 5 желтоқсанда Түркістан облысы бойынша әдеп жөніндегі кеңес тиісті шешім қабылдады. Кеңес шешімімен Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұлға қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды", – делінген хабарламада.

Агенттік мәліметінше, әдеп жөніндегі кеңес шенеуніктің тарапынан болған орынсыз, қоғамға қарсы мінез-құлықты, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалардың бұзылуын анықтаған. Бұл әрекеттердің мемлекеттік органның беделін түсіретіні көрсетілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...