«Декретке миллионмен» шыққан әйелдер сотталады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
4513

Қазақстанда жоғары декреттік төлемдерді заңсыз жолмен әділетсіз алған 113 азаматша сотталуы мүмкін. Оларға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Келтірілген шығын көлемі 158 млн теңге болған. Бұл туралы Еңбек министрі айтты.

Светлана Жақыпованың сөзінше, босануға және бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыға шектеу қойылмағанын айтады. Сол себепті кей азаматтар жоғары төлемдер алу үшін заңсыз жолдарға барған. Бұл жүйедегі адал қатысушылар үшін әлеуметтік төлемдердің әділетсіз түрде қайта бөлінуіне әкелген.

«2024 жылдың қыркүйегінен бастап 1,5 мың адам өздерінің табысын жасанды түрде көбейткенін мойындады. Осылайша әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорындағы 3,4 млрд теңге актив сақталды», - деп атап өтті Жақыпова

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...