Қазақстандық 16 жастағы вундеркинд лиганың ең қымбат ойыншысы атанды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1991

Қазақстан құрамасы мен алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Дастан Сатпаев ел чемпионатының ең қымбат футболшысы атанды, деп хабарлады Мadeniportal.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Қазақстан Премьер-Лигасындағы ойыншылардың нарықтық құнын жаңарту жұмысын беделді Transfermarkt порталы жүргізген.

"Қайраттың" 16 жастағы вундеркиндіне берілген жаңа баға — 1,8 миллион еуро. Бұл ел чемпионатындағы футболшылар арасында ең жоғары нәтиже болды.

Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары:

  • Дастан Сатпаев ("Қайрат", Қазақстан) — 1,8 миллион еуро

  • Валерий Громыко ("Қайрат", Беларусь) — 1,2 миллион еуро

  • Гиорги Зария ("Қайрат", Грузия) — 900 мың еуро

  • Егор Сорокин ("Қайрат", Ресей) — 900 мың еуро

  • Ислам Чесноков ("Тобыл", Қазақстан) — 900 мың еуро

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...