Қазақстандық әнші жол апатынан қаза тапты

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
2111

Ақмола облысында көлік апаты болып, салдарынан әнші, асаба Асқар Дүйсенов қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ақмола облысы ПД-ның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 28 ақпанда Астана-Петропавл трассасының 31-ші шақырымында болған. “Газель” мен Volkswagen Polo көліктері соқтығысып, соның салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапқан.

Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, процестік шешім қабылданды. 

Әлеуметтік желілерде әншінің әріптестері мен достары марқұмның отбасы мен туғандарына көңіл айтып жатыр. Асқар Дүйсеновті ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2 наурыз күні әншінің тағын жері – Солтүстік Қазақстан облысының Кішкенекөл ауылында өтеді

Полиция департаменті жүргізушілерге жылдамдықты шектен тыс асырмауды, жол жағдайын және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауда ұстауды ескертеді. 

Шоу-бизнес

Танымал қазақстандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева отбасында дүркіретіп той жасады, деп хабарлад...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исагалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер минист...