Ақтөбеде ер адам спиртке су қосып арақ деп сатқан

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
134

Ақтөбеде 46 жастағы ер адам спиртті сумен араластырып, танымал брендтердің арағы ретінде сатып келген. Жеке компанияда жүргізуші болып жұмыс істейтін азамат таныстарының кеңесіне еріп, қолдан алкоголь жасап сатуды табыс көзіне айналдырмақ болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Ол таза спирт сатып алып, оған сүзгіден өткізілген су қосқан. Дайын қоспаны танымал арақ брендтерінің атауы жазылған жапсырмалары бар бөтелкелерге құйған. Сонымен қатар  белгісіз біреуден жалған акциз маркаларын сатып алып, оларды бөтелкелерге жапсырған. 

Ер адам қолдан жасаған арақты көтерме саудамен өткізген. Бұл заңсыз кәсіппен 2026 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін айналысқан. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сатып алушы кейпіне еніп, одан жалған арақ сатып алған. Осыдан кейін ер адам ұсталды. 

Іс сотқа жеткенімен, ер адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол мемлекетке келтірілген 148 мың теңге шығынды толық өтеп, кінәсін мойындап, өкінген. Сонымен қатар бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны ескерілген.

Осы мән-жайларды назарға алған сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады. Ал тәркіленген спирт пен жалған арақ құйылған бөтелкелер сот үкімімен жойылады. 

Шоу-бизнес

Белгілі репродуктолог Салтанат Байқошқарова актриса Дариға Бадықованың жаңа фильмінің тұсаукесерінде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Құрманғазы ауданында тұратын зейнеткер үйінен шағын мұражай ашқан. Ғалымжан Мұқашевтың...