Бишімбаев ісі: Прокурор Instagram-ға тіркеліп, парақша ашқанын мәлімдеді

Фотосурет: Ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2929

Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова бүған дейін әлеуметтік желілерде фейк аккаунттар ашыла бастаған соң өзінің жеке парақшасын ашқанын айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол бұдан былай әлеуметтік желіде парақшасын ашып, жүргізіп отыратынын мәлімдеді.

"Қайырлы күн! Мен, Айжан Аймағанова, Астана қаласы прокурорының аға көмекшісімін. Қазіргі уақытта қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша айыптауды қолдаймын. Әлеуметтік желілерде менің атымнан фейк аккаунттар ашылып жатқанына байланысты, мен жеке аккаунтымды жалпыға қолжетімді етуді шештім. Instagram-дағы жеке аккаунтым zhakiti деп аталады. Мен пост жазбадым, бірақ мүмкіндігінше ашық және пайдалы болуға тырысамын", - деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...