58 жастағы әйелді ауылдасы ұрып, зорламақ болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Бұл туралы “...
Қазақстандықтарға адам өміріне қауіпті аптап ыстық туралы ескерту жасалды
ашық дереккөзден
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда күтіліп отырған аптап ыстыққа байланысты тұрғындарды күн өту қаупі жөнінде ескертті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ведомствоның мәліметінше, күн өту – ағзаның қатты қызып кетуінен дене температурасының қалыпты деңгейін өздігінен ұстап тұра алмайтын қауіпті жағдай. Уақтылы медициналық көмек көрсетілмесе, ол миға, жүрекке, бүйрекке және басқа да өмірлік маңызды ағзаларға зақым келтіріп, ауыр жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
Күн өтудің негізгі белгілері:
-
дене қызуының күрт көтерілуі;
-
қатты әлсіздік;
-
бас ауруы;
-
бас айналу;
-
жүрек айну;
-
сананың шатасуы;
-
есінен тану.
Осындай белгілер байқалған жағдайда дереу жедел жәрдем шақырып, зардап шегушіні салқындату қажет.
Синоптиктердің болжамынша, Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне әсерін жалғастырады. Соның салдарынан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады.
Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз +40...+45 градусқа, ал шығыста +33...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Астанадағы ауа райы
15 шілде – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C.
16 шілде – құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.
17 шілде – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7–12 м/с. Температура түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.
Алматыдағы ауа райы
-
15 шілде – жауын-шашынсыз, күндіз +33...+35°C.
-
16 шілде – жауын-шашынсыз, күндіз +36...+38°C.
-
17 шілде – жауын-шашынсыз, күндіз +38...+40°C.
Үш күн бойы батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады.
Шымкенттегі ауа райы
-
15 шілде – жауын-шашынсыз, күндіз +40...+42°C.
-
16–17 шілде – жауын-шашынсыз, күндіз +42...+44°C.
15 шілдеде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, ал 16–17 шілдеде оңтүстік-батыстан соғады.
Денсаулық сақтау министрлігі аптап ыстық кезінде:
-
күннің ең ыстық уақытында сыртта ұзақ жүрмеуге;
-
жеткілікті мөлшерде су ішуге;
-
жеңіл әрі ашық түсті киім киіп, бас киім тағуға;
-
балалардың, қарттардың және созылмалы ауруы бар адамдардың денсаулығына ерекше көңіл бөлуге кеңес береді.