Әлеуметтік желіде Қазақстанда 1949-2010 жылдар аралығында туған азаматтарға 70 000 теңге төленіп жат...
Ақтауда туған күнін Каспий теңізінің жағасында тойлаған бозбала жоғалып кетті
ашық дереккөз
546
Каспий теңізі жағалауында Азамат Дүйсеханды іздеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Туыстарының айтуынша, бозбала 7 шілдеде өзінің туған күнін достарымен бірге Ақтау қаласынан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан «O'Mir» курорттық қонақүйінің маңында атап өткен. Сағат 15:00 шамасында ол теңіз жағасында жоғалып кеткен. Содан бері оның қайда екені белгісіз.
Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ Азаматтың туыстары, достары мен жақындары іздестіру шараларын атқарып жатыр. Жақындарының айтуынша, қазіргі қолда бар техника жеткіліксіз болып тұр.
Жоғалған жігіттің отбасы барша жанашыр азаматтардан іздеу жұмысына қолғабыс етуді сұрап, куәгерлердің хабарласуын өтінді.