Қазақстанға нөсерлі жаңбыр мен салқын күндер келе жатыр

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
175

Қазгидромет синоптиктері 7, 8 және 9 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Болжамға сәйкес, мереке күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы ауа райы күтіледі: найзағаймен бірге жауын жауып, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел екпіні күшеюі мүмкін.
«7–9 мамыр аралығында батыс өңірлерде, 8–9 мамырда солтүстік аймақтарда нөсер жауын күтіледі. Оңтүстік өңірлерде жоғары температура аясында өткінші жаңбыр мен найзағай болжанады, ал шығыс аймақтарда тек 9 мамырдан бастап найзағайлы жаңбыр жауа бастайды», – делінген хабарламада.

Күндіз ауа температурасы өңірлер бойынша айтарлықтай өзгереді:

  • батыста +18…+28°C,

  • солтүстікте +18…+23°C-қа дейін төмендейді,

  • орталықта +20…+28°C,

  • оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +28…+33°C-қа дейін төмендейді,

  • шығыста +25…+30°C-қа дейін жоғарылайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аустрия еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Май...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановның мәйіті табылды, деп...