Қазақстаннан Еуропаға ұшатын жаңа әуе рейсі іске қосылады

Фото: Жасанды интеллект

ЖАҢАЛЫҚТАР
2334

Елімізден Еуропаға ұшатын жаңа әуе рейсі Шымкентте іске қосылады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Шымкенттен Будапештке ұшатын әуе рейсі ашылады.

Биылғы 27 мамырдан бастап SCAT қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады, - делінген мәліметте.

Ведомство әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобуста төбелес болып, желілерде видеосы тарады. Қоғамдық көліктің ішіндегі төбелес кезін...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал продюсер Баян Алагөзованың інісінің жары, әнші Жарқынай Ханайым жаңа бейнебаянын көпшілік на...