Жаңа ғасыр театры ұсынған «Алматы – махаббатым» концерт-спектаклі көрерменге жол тартты

дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
267

Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов негізін қалаған «Жаңа ғасыр» театрының «Алматы – махаббатым» концерт-спектаклі өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Қойылым 24 ақпан күні Республика сарайы сахнасында өтті. Кеш барысында ескі болса да есті, жүрекке жақын әндер шырқалып, көрерменді өткен мен бүгіннің арасындағы әсерлі сапарға жетеледі.

Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов көрген соңғы қойылым дәл осы «Алматы – махаббатым» болғаны кештің маңызын арттыра түседі. Сондай-ақ, шәкірттерінің ұстаздары дүниеден озғаннан кейін бейнелеген алғашқы қойылымы да осы туынды болды.

Қойылымды тамашалауға Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова арнайы келіп, жүрекжарды лебізін білдіріп, спектакльдің әсерлі шыққанын атап өтті әрі өнер ұжымына ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы басшысы Данияр Абзалиденұлы, «Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереева және пьесаның авторы Бейбіт Сарыбай сынды зиялы қауым өкілдері де кештің куәсі болды.

«Алматы – махаббатым» – бұл тек концерттік бағдарлама емес, бұл – қалаға деген шынайы сүйіспеншілік, адам жанының нәзік иірімдерін бейнелейтін сахналық туынды. Спектакль арқылы көрермен Алматының рухын терең сезініп, оның көшелері мен таулы табиғатына деген сағынышын жаңғыртты.

Мазмұны бай, сезімге толы бұл кеш ұлттық өнеріміздің құндылығын айшықтап, көрермен жүрегінен орын алған әсерлі мәдени оқиға ретінде есте қалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы шабуыл кезінде жараланған болуы мүмкін, бірақ есін біледі және жасыр...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші және актриса Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде бортсеріктермен келіспей қалған, деп хабарлады...