Жамбыл облысында атасы 13 жастағы немересін зорлады деген ақпарат тарады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1859

Оқиға былтыр 20 сәуірде Меркі ауылында болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыздың анасының айтуынша, қайын атасы үйге заңсыз кіріп, немересін зорламақ болған. Келесі күні әйел учаскелік полицияға хабарласқан. Дегенмен олар істің қылмыстық кодекске жатпайтынын айтып, мән бермеген. Сосын әйел e-Otinish арқылы қалалық полицияға шағым білдірген. Осылайша Қылмыстық кодекстің 124-бабы бойынша іс қозғалған. Дегенмен қыздың денесінде жарақат болмаған соң іс тоқтатылған.

Қыз қатты психологиялық күйзеліске ұшыраған. Тамырын кесіп, бірнеше рет өз-өзіне қол салмақ болыпты. Оның үстіне қазір атасы бостандықта жүр екен. Тіпті қоқан-лоқы көрсетіп жатыр дейді әйел.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...