Полиция Қаржаубайға қатысты қылмыстық іске түсініктеме берді

Фото: kursiv.media

ЖАҢАЛЫҚТАР
714

Қаржаубай Нұрымовқа қатысты тергеу амалдары басталып, оған «Басқа біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы жағдай бойынша полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Бұған дейін қылмыстық іс қозғалғаны туралы отбасының адвокаты Асқар Қаймақов мәлімдеген. Жағдайды полиция түсіндірді. 

«10 желтоқсанда Азат ауылында болған заңсыз әрекеттердің нәтижесінде автомобиль иесіне материалдық залал келтірілгені анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілік шегінен асып кетті», - дейді облыстық полиция департаменті. 

Құқық қорғау органдары Қаржаубай Нұрымовтың нақты қандай құқық бұзушылық жасағанын  айтты. 

«Нұрымов машинаны пышақпен тырнап, дөңгелегін тесіп тастады. Әрі қарай айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзуды жалғастырды» делінген хабарламада. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағанды қаласында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алып, кәмелеттік жасқа толмаған бала көз жұмды, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Русалканы құшақтау үшін Ақтауға барған бойжеткеннің әрекеті көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды m...