Қоғамда дау болған аудармаға қатысты министрлік түсініктеме берді

Жаңалықтар
1517

Кеше ғана, яғни, 8 ақпанда әлеуметтік желіде орындаушысы «Аттик-Строй» ЖШС болып табылатын «Балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің, гуманитарлық және техникалық оқулықтардың, іскерлік әдебиеттің үздік әлемдік үлгілерін мемлекеттік тілге аудару және электрондық форматта тарату» қызметтерін көрсетуге қатысқан танымал  дикторлар мен актерлердің, дыбыс режиссерларының атқарған жұмысы үшін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің  ақы төлемегені жөнінде әртүрлі ақпарат тарауда.

Өз кезегінде Министрлік 2023 жылғы 09 ақпанда қызметті іске асыру жағдайлары туралы 31 арнаға сұхбат беріп, жарияланым  авторларына қызмет көрсетуді іске асыру және қоғамдық наразылық тудыруды болдырмау үшін ақпараттың бұрмалануына жол бермеу мақсатында төмендегідей  түсініктеме береді. 


Бүгінгі күні мемлекет пен қоғам алдында қазақ тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде жедел дамыту міндеті тұрған бәрімізге мәлім.Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тіліндегі контент пен әдебиет қорын ұлғайту өте маңызды болып табылады.Осы мақсатта және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес  Министрлік ашық конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алу порталында «Балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің, гуманитарлық және техникалық оқулықтардың, іскерлік әдебиеттің үздік әлемдік үлгілерін мемлекеттік тілге аудару және электрондық форматта тарату» қызметтерін көрсету бойынша 2022 жылғы  маусымда конкурс жариялаған болатын, – дейді министрлік.

Олар конкурс қорытындысы бойынша «Аттик-Строй» ЖШС жеңімпаз болып танылып, Министрлік пен «Аттик-Строй» ЖШС 15 кітапты аудару бойынша 2022 жылғы тамыз айында мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқанын айты.

Сонымен қатар  министрлік: Жасасқан шарт бойынша Өнім беруші 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін шартта көрсетілге он бес кітапты ағылшын тілінен қазақ тіліне аударып, электрондық e-PUB форматында және аудио нұсқаларын дайындау, сондай-ақ кітаптардың құқық иеленушілерінен оларды қазақ тіліне аударуға және таратуға рұқсат беретін авторлық құқық алу міндетін мойнына алды, – дейді.

Алайда, Өнім беруші өзіне жүктелген міндеттемелерді уақтытынан кеш, сапасыз әзірлеп, материалдарды толық түрде ұсынбағанын тілге тиек етті.

Министрлікке жеткізілген кітаптарда көптеген грамматикалық және техникалық қателер анықталған. Бұдан басқа, аударылған 15 кітаптың тек 8 кітабына ғана авторлық құқық алынған. 

Өз кезегінде бұл шарт талаптарына сәйкес келмейді және кітаптарды Қазақстан Республикасының аумағында таратуға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жасасқан шарттың талаптарына және техникалық ерекшелікке сәйкес келмейтін сапасыз материалдарды қабылдамау туралы шешім қабылданды.

Министрлік Өнім берушіні шарттың талаптарын тиісті түрде орындау қажеттігі туралы алдын ала бірнеше рет хабардар ете отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шартты бұзу туралы шешім қабылдады, – дейді министрлік.

Қазіргі уақытта шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін «Аттик-Строй» ЖШС-ін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану бойынша сот процестері жүріп жатқанын айтады.

Бұл ретте, Министрліктің, кітаптардың аудио нұсқасын жазуға тартылған дикторлар мен дыбыс режиссёрларына  ешқандай шағымы жоқ. Өйткені, дикторлар мен дыбыс режиссёрлары кітаптарды аударуға және авторлық құқықты алуға жауапты емес. Сонымен қатар, дикторлар өз міндеттемелерін адал орындады және «Аттик-Строй» ЖШС-нан атқарылған жұмыс үшін толық ақы талап етуге құқылы деп санаймыз. «Аттик-Строй» ЖШС және дикторлар мен   дыбыс режиссёрлары шарт жасасып, көрсетілген қызметтер үшін еңбекақы уақтылы төленбеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот органдарына шағымданып,  еңбекақыларын өндіріп алуға құқылы.

 Мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік тілдегі сапалы материалдарға халық үшін, оның ішінде өскелең ұрпақ үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мүдделері осы жобаның негізгі мақсаты деп санаймыз, – дейді министрлік.

Сондай-ақ министрлік мемлекеттік орган ретінде сапасыз орындалған қызметке бюджет қаражаты есебінен ақы төлеуге жол бере алмайтынында жеткізді.

Сапасыз кітаптардың халық арасында таралуы қоғамдық наразылық тудырып, мемлекеттік тілдің дамуына теріс әсерін тигізуі мүмкін. Министрлік Ақпарат және қоғамды дамыту саласында жұмыс жүргізеді және өз жұмысында Қазақстан Республикасының  Заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, ашықтық, адалдық және әділдік қағидаттарын ұстанады, сондай-ақ мемлекеттік тілдегі сапалы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы азаматтардың өмірін одан әрі жақсарту жөніндегі міндеттерді көздейді, – дейді министрлік .

baq.kz

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...