Атырауда бір уақытта екі үшем дүниеге келді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
426

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем дүниеге келді, деп хабарлады MadeniPortal.kz Atyrau Press-ке сілтеме жасап.

Үшемді дүниеге әкелген аналардың бірі — Атырау қаласына қарасты Ақжар ауылының тұрғыны Гүлшат Аханова. Бұған дейін оның отбасында үш қызы өсіп келе жатқан.

Енді олардың саны екі есеге артты: Гүлшат бірден үш қызды өмірге әкелді. Сәбилерге Нұрила, Сабира және Хадия есімдерін қою жоспарланып отыр.

Екінші үшем Айдана Ерғалиеваның отбасында дүниеге келді. Ол бірден үш ұл босанды.

Бір уақытта үш сәбидің өмірге келуі — өте сирек жағдай, сондықтан бұл жаңалық отбасы жақындары мен таныстары арасында тез тарады.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...