«Өлтіріп тастап, балконда тығылып жатқан»: Талғарда күйеуін пышақтаған әйел мен оның анасы әкімдікте жұмыс істеген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
359

Алматы облысы Талғар қаласында 47 жастағы ер адамды әйелі мен енесі пышақтап өлтірді. Оқиғаның мән-жайы анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Оқиға туралы марқұмның туыстары айтып берді.

"Әйелі үш жылқысын күйеуіне айтпай сатып жіберген. Бауырымыз полицияға арыз жазады, полиция кім сатқанын, кімге сатқанын бәрін дер кезінде анықтап берген. Жылқыны сатып алған адам осы үйдің әйелін көрсеткен. Бірақ әйел мойындамаған, содан жанжал шыққан", - дейді марқұмның Қайрат есімді туысы.

Оның сөзінше, күдікке ілінген енесі де, әйелі де Талғар әкімдігінде жұмыс істейді.

"Әйелі Талғар әкімі орынбасарының хатшысы, ал енесі сол әкімдікте кіре берісінде отырады, күзетші. Біздің ойымызша сол себепті де шулатпай жасырып ұстады", - дейді марқұмның туысы.

Туыстарының айтуынша, әйелі мен енесінің қолынан айуандықпен ажал құшқан Алмат Есенов кәсіпкер болған. Мал шаруашылығы бар, қалада газға байланысты қызмет көрсететін серіктестікте басшы қызметін атқарған.

"Ағамызды өлтіріп тастап, 5 сағат бойы балконда тығылып жатқан. Ағамыз жан дауысы шығып айқайға басқан, есіктен шыға алмаған. "Помогите" деп айқайлаған. Қарама-қарсы тұратын көршісі үй иесіне хабарласып, сенің үйіңде сұмдық боп жатыр деген. Пәтердің иесі 10 минутта жетіп келіп, полиция шақырған", - дейді туысы.

Күйеуін өлтірді деген күдікті әйел 39 жаста.

"Қазір 4 баласы ауылда, марқұмның әке-шешесінің қолында. Үлкені 15, ең кішісі 4 жаста. Оқиға сол төрт баланың көз алдында болған. Марқұм ағамыздың денесінің сау тамтығы қалмаған", - дейді туысы.

Алмат Есенов өлерінен 4 сағат бұрын отбасындағы жағдайы жақсы екенін айтып қарындасына хабарласқан.

"Кішкентай ұлмен үйдемін, ұйықтайын деп жатырмын. Қалған балалар қосымша сабақта деді. Бұл сағат 18:30 шамасында болды. Сағат он кезінде полиция ағаңыз ауыр жарақат алды деп хабарласты. Біз дереу келдік, үйге кіргізбеді. Есік алдында тұрғанда төрт баланы алып шығып, полиция маған берді. Қазір балалар ауылда, сабақтарына барып жүр, менің әке-шешемнің қолында. Ағамның бірінші отбасынан үш баласы, екінші отбасынан төрт баласы бар", - дейді марқұмның Әлия есімді қарындасы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтап қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Қаза...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Синоптиктер 7, 8 және 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...