Қостанай облысында әкесі мен мектеп оқитын қызы Тобыл өзеніне батып кетті

ТЖД Қостанай

ЖАҢАЛЫҚТАР
386

Әкесі мен оның кәмелетке толмаған қызы Қостанай облысындағы Тобыл өзеніне батып кетті. Қайғылы оқиға 13 тамызда Қостанай ауданына қарасты Нечаевка ауылының маңында болған, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

«Тобол Инфо» мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге су айдынына барып, шомылуға арналмаған жерде суға түскен.

Шомылып жүрген кезде екі қыз бала суға бата бастаған. Олардың біреуі өздігінен жағаға шығып үлгерген, ал екіншісі суда қалған. Әкесі жүзуді білмесе де, қызын құтқару үшін суға түскен. Алайда соның салдарынан екеуі де суға батып кеткен.

Ағыс ер адам мен қыздың денелерін алып кеткен. Құтқарушылар іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. 13 тамыз күні кешке сүңгуірлер баланың денесін тауып, судан алып шықты.

Ер адамды іздеу жұмыстары келесі күні жалғасты. Оның денесін де сүңгуірлер тауып, судан шығарды.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, екі күн ішінде құтқарушылар Тобыл өзенінің 2,5 шаршы шақырым жағалау аумағын жаяу тексерген. Дронның көмегімен шамамен 12 гектар аумақ қаралса, сүңгуірлер өзен түбінің 39 мың шаршы метр бөлігін зерттеген.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар да жұмылдырылды.

Ер адамның денесі табылғаннан кейін іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 10 күн демалып, 21...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Продюсер Дариға Бадықованың экс-күйеуі Дархан Мұсаев өнер саласына қатысты ойын айтты, деп хабарлайд...