Алматыда үй иесін тонаған 2 адам ұсталды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1261

Алматы қаласында полиция қызметкерлері жәбірленушіге шамамен 30 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірнен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қылмыс күндізгі уақытта болған. Күдікті жәбірленушінің қол-аяғын байлап, зергерлік бұйымдары мен бағалы мүліктерін және ақшалай қаражатын қолды қылған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қысқа мерзімде екі күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеу әрекеттері кезінде ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленді», — деп хабарлады Алматы қаласы ПД.

Ұсталғандар кінәларын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...