«Құм төсеген»: Талғарда Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар жойылып жатыр

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
311

Талғар өзенінің жағасындағы су қорғау аймағында Колпаковский қызғалдағы өсетін алқапқа топырақ төгіліп, гүлдер жойылған. Бұл туралы видеоны Orda.kz редакциясына куәгерлер жолдаған, деп хабарлаған MADENIPORTAL.KZ.

Қоғам белсендісі Айман Жарлықасымованың айтуынша, бұрын сирек кездесетін бұл гүлдер өсетін жағалау бойындағы кем дегенде екі жерде (Өндірістік көшесінің маңында және құрылыс базары жанында) құрылыс жұмыстары басталған: алаңқайларға топырақ төгіліп, арнайы техникамен жер тегістелген.

«Біз бұл жерге балаларымызбен, достарымызбен келіп, көктемде өсетін Қызыл кітаптағы жабайы қызғалдақтарға тамсанатын едік. Биыл біреу мұнда құрылыс бастаған. Гүлдерге топырақ төгіп, алаңды тегістеп, тіпті су құбырын да тартқан. Мұнда не салынатыны белгісіз. Бірақ бұл — су қорғау аймағы», — дейді белсенді.

Құрылыс базарының жанындағы екінші орынға байланысты Айман бұған дейін, қыста, коммуналдық қызметтер сол маңға қар мен қоқыс тасығанын көрген кезде, әкімдікке шағым түсірген.

«Мен әкімге: «Сіз білесіз бе, көктемде ол жерде Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар өседі. Ол жерге қоқыс пен қар төгуге болмайды», — дедім. Ол болса: «Бәрі келісілген», — деп жауап берді. Көктем келгенде, қар еріді, ал адамдар ол жерге қоқыс тасығанын анықтадық. Мен мәселе көтердім. Маған әкімнің орынбасары хабарласып, ол жерге адамдар жіберіп, тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқысты шығаратынын айтты. Алайда іс жүзінде бәрін топырақпен жауып, жерді тегістеп тастаған», — дейді Айман Жарлықасымова.

Редакция бұл жағдайға байланысты Талғар қаласының әкіміне сұрау жолдады. Қазіргі таңда: ол жерге не салынатыны, жер телімдері кімге тиесілі және сирек кездесетін өсімдіктерді жоюға кім жауапты болатыны белгісіз.

Колпаковский қызғалдағы — Қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін өсімдік түрі. Ол Алматы қорығында, Іле-Алатау ұлттық паркі мен «Алтын Емел» аумағында өседі.

 

Шоу-бизнес

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Әнш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысып, жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Полици...