Түркістан облысында 17 жастағы жасөспірім комбайнға қысылып қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
121

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы техникасын жөндеп жатқан жасөспірім оқыс жағдайға тап болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Асықата ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде болған. 17 жастағы жігіт комбайнды жөндеу кезінде аяғын техниканың орақ аппаратына қыстырып алған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып, жасөспірімді техникадан босатып алды.

Зардап шеккен жігіт жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Оның қазіргі жағдайы туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын алып тастағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жайында қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Пәкістанның Сарг ауылында газ баллоны жарылып, бір отбасының үш мүшесі көз жұмды. Қайғылы оқиға салд...