Тоқаев халықты Наурыз мейрамымен құттықтады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1448

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бүгін, 21 наурыз күні «Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі тойланды. Мерекеге мемлекет басшысы да қатысты.

Президент мерекелік іс-шараға жиналған көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

“Ұлыстың ұлы күні – ұлтымыздың ұлық мейрамы. Бұл – біздің ата дәстүріміз. Шуақты көктем мерекесінде бүкіл дүние қайта жаңғырады. Күн мен түн теңеледі. Қазақ елі әз-Наурызды көне заманнан бері тойлап келеді. Наурыз – ең алдымен, игілікті істердің мерекесі. Осы күндері әр үйде ақ дастархан жайылады. Ел-жұрт бір-бірімен қауышып, ақ тілегін айтады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қамқорлық көрсетеді. Ұлыстың ұлы күні биыл да қасиетті Ораза айымен тұспа-тұс келіп отыр. Еліміз үшін мұның мән-маңызы зор. Себебі біздің дініміз бен дәстүріміз – егіз. Қос қазынамыз халқымыздың бірегей болмысын айшықтай түседі”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...