Ұлттық банк күмәнді теңгеге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады

Дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
108

Ұлттық банк күмәнді теңгелерге байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Ұлттық банк әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сыртқы келбеті шынайы теңге банкноттарына ұқсас полиграфиялық өнімдердің таралып жатқаны туралы қазақстандықтарға ескерту жасады. Реттеуші қолма-қол ақшаны мұқият тексеріп, ондағы арнайы жазуларға назар аударуға шақырды.

Ұлттық банктің мәліметінше, соңғы уақытта интернетте ұлттық валютаға ұқсас полиграфиялық өнімдерді сатып алуды ұсынатын жарнамалар көбейген.

Әңгіме сыртқы түрі шынайы теңгеге ұқсайтын, бірақ мынадай арнайы жазулары бар купюралар туралы болып отыр:

  • «БІРГЕ ТОЙЛАЙМЫЗ!»;

  • «ТӨЛЕМ ҚҰРАЛЫ БОЛЫП ТАБЫЛМАЙДЫ».

«Осыған байланысты банкноттарды пайдалану кезінде олардың бетінде жазылған ескертулерге ерекше назар аударып, түпнұсқалығын мұқият тексеру ұсынылады», – делінген хабарламада.

Қандай теңге купюралары жиі қолдан жасалады?

Ұлттық банктің дерегінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанда жалпы сомасы 259 400 теңгені құрайтын 57 жалған ақша белгісі анықталған. Оның ішінде 49-ы банкнота, 8-і монета.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 68,4 пайызға аз. Былтырғы алғашқы жартыжылдықта 96 жалған ақша белгісі анықталған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлттық домбыра күніне орай Атыраудағы «Сұлтан Бейбарыс» алаңында ауқымды мерекелік іс-ша...

МУЗЫКА

Қазақ күй өнерінің тарихында өшпес із қалдырған есімдердің бірі – Дина Нұрпейісова. Ол тек күй...