Риддерде аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады

фото: depositphotos.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
87

Шығыс Қазақстан облысында 58 жастағы ер адамға аю шабуыл жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Оқиға Риддер қаласына жақын маңдағы омартада болған. Аю демалыс базасының жанында ер адамға тап берген. Жанында болған екі адам оған көмектесіп, жыртқышты қуып жіберген. Зардап шеккен азаматтың басы, қолы мен аяғынан көптеген жарақат алғаны анықталды.

Сондай-ақ оның бірнеше жерінде ашық сынық болған. Ер адам бірнеше күн жансақтау бөлімінде ем қабылдап, кейін травматология бөліміне ауыстырылған. 

19 тамызда науқас ауруханадан шығарылды. Қазір ол емін үй жағдайында жалғастырып жатыр. Адамға шабуыл жасаған аюды инспекторлар атып өлтірді. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта жабайы аңдар азық іздеп елді мекендерге жиі жақындай бастаған.

Бұған ормандағы қуаңшылық пен үсіктің салдарынан жидек пен самырсын жаңғағының азаюы себеп болып отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар қаласында ер адам төрт жасар баламен бірге көшеде келе жатқанда, аяқ астындағы тротуар опыр...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа фотосын жариялады. Кадрда әнші ақ шашпен, ми...