Ақтөбеде өзеннен 16 және 27 жастағы екі адамның денесі табылды

Көрнекі сурет

ЖАҢАЛЫҚТАР
1230

Ақтөбе облысында хабар-ошарсыз кеткен екі адам өлі күйінде табылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

1 желтоқсан күні полицияға екі тұрғынның із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат түскен. Олардың 16 жастағы жасөспірім және 27 жастағы ер адам екені белгілі болған. Екеуі де 30 қарашада үйлерінен шығып, содан кейін байланысқа шықпаған.

Полиция дереу іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Өзен маңынан олардың мобильді телефондары табылған.

«Іздеу барысында жоғалғандардың денелері өзеннен шығарылды, денелерінен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Тергеу жалғасуда, оқиғаның толық мән-жайы тексеріліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...