Саяхатқа жинаған ақшасын тартып алған: Астанада бойжеткенді өлтірген ер адамға үкім шықты

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
209

Астанада әлеуметтік желі арқылы танысқан бойжеткенді өлтіріп, оның шотындағы ақшасын иемденген ер адамға сот үкімі шықты. Владислав Андрюшкин 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Kozachkov offside Telegram-арнасының мәліметінше, Алина есімді бойжеткен мен Владислав Андрюшкин қаңтар айында интернет арқылы танысқан. Біраз уақыт араласқаннан кейін қыз қарым-қатынасты тоқтатуды ұйғарған. Ол Таиландқа демалуға баруды жоспарлап, сапарына ақша жинап жүрген.

4 ақпанда екеуі қайта кездескен. Кейін қыз уақытша тұрып жатқан пәтерге барған. Сол жерде ер адам бойжеткенді тұншықтырып өлтірген.

Басылым мәліметінше, күдікті қылмыстан кейін марқұмның банктегі қаражатын танысының картасына аударып, пәтерден кетіп қалған. Кейін ақшаны қолма-қол шешіп алып, Таразға кетпек болған кезде ұсталған.

Ал қыздың денесін оны іздеп келген әпкесі мен құрбысы тапқан.

Сот барысында Андрюшкин ақшаны иемденгенін мойындағанымен, кісі өлтіру әрекетін абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру ретінде саралауды сұраған. Алайда сот оның әрекетін қасақана жасалған қылмыс деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған.

Марқұмның әпкесі Александра тағайындалған жазаны тым жеңіл деп есептейтінін жеткізген.

«Бір күні ол түрмеден шығып, жақындарының жанына оралады, өмір сүруін жалғастырады. Ал менің сіңлім мәңгілік қара жердің астында қалды», – деген ол.

Жарияланған мәлімет бойынша, сот үкімі заңды күшіне енген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 2030 жылға дейін жолаушылар вагондарының 90 пайызын жаңарту жоспарланып отыр. Бұл туралы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласының әкімдігінде кезекті кадрлық өзгеріс болды. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті...