Егде жастағы ер адам жұмыстан бас тартқан ұлын ұйықтап жатқан жерінде балтамен шауып өлтірген

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
398

Малоярославец қаласында өз ұлын өлтірді деген күдікпен 75 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға 16 маусым күні таңертең қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала деректер бойынша, туыстар арасында тұрмыстық жанжал туындаған.

Тергеу комитетінің хабарлауынша, жанжалдан кейін ер адам 49 жастағы ұлының ұйықтап жатқанын пайдаланып, оған балтамен бірнеше рет соққы жасаған. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмған.

Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды.

Тергеушілер оқиға орнын қарап, қылмыс құралы болуы мүмкін балтаны тәркілеп, қажетті сараптамаларды тағайындады.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу оны қамауға алу туралы өтініш білдірмек.

Іс бойынша тергеу Малоярославец ауданының прокуратурасы бақылауында.

Алайда, Baza Telegram-арнасының мәліметінше, әке мен бала арасындағы жанжал ұзақ уақыт бойы жалғасқан. Арна дерегінде 49 жастағы ер адамның еш жерде жұмыс істемегені және алкогольді шамадан тыс пайдаланғаны, соның салдарынан олардың арасында жиі жанжал туындайтыны айтылған.

Дереккөздің мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиғаның алдында ұлы әкесін балағаттап, кейін ұйықтауға жатқан. Осыдан кейін қылмыс жасалған. Сондай-ақ оқиғадан соң ер адамның өзі полицияға барып, жасаған ісін мойындағаны хабарланған. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары ресми түрде растаған жоқ.