Қарағандыда зейнеткерді тонап соққыға жығып кеткендерге сот процесі басталды

Фото: kursiv.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
852

Қарағандыда зейнеткердің үйіне кіріп, тонап, соққыға жыққан 8 жасөспірім мен 33 жастағы ер адамға  қатысты сот басталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. 

Оқиға наурыз айында болған. Зейнеткердің пәтерінің есігін айыпталушылардың бірі «электрикпін» деп қаққан. Есікті ашқанда тоғызы баса-көктеп кіреді. Үйдің астан-кестеңін шығарып, 35 мың теңгесі мен екі ұялы телефонын қолды қылған. Ал қарияның өзін оңдырмай ұрып, бетіне түкіріпті.

Осының бәрін шат-шадыман күйде таспаға түсірген. Кейін бұлардың екеуін белгісіз біреулер соққыға жығып, желіде кешірім де сұратқан.

 Айыпталушылардың көбі 9-сынып оқушылары, қалғаны колледж студенттері. Араcында  бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 33 жастағы ер адам бар. Сотта осы қаскөйлер қарияның алдында тағы бір адамды өз пәтерінде соққыға жыққаны белгілі болды.

«24 наурыз күні есігімді көршім Сергей Ковальчук қағып, телефон қуаттауышты сұрады. Есікті ашып, «қазір әкелем» деп бұрыла бергенім сол еді, соққының астында қалдым, мазақ қылды. Телефонымды, сағатымды алды. Үйдің ішін түгел талқандады. Ұрып‑соққандарын телефонға түсіріп алды», - дейді қария. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...