Сарбаз бен ата-анасы әскери бөлімге жетпей жантүршігерлік жағдайда көз жұмды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1654

28 маусымда Абай облысы, Аягөз қаласының маңында, Өскемен — Алматы тасжолында қайғылы жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды  MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға жайлы ақпарат тек бір күннен кейін жария етілді.

Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері қолбасшылығы Instagram парақшасында хабарлағандай, апат салдарынан Аягөз гарнизонында мерзімді қызмет атқарып жүрген сарбаз және оны демалыстан кейін бөлімге шығарып салуға келген ата-анасы көз жұмған.

Алайда Абай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апаттан барлығы төрт адам қаза тапқан.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 62 жастағы Toyota Lumiere автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Toyota Lumiere жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, бірнеше сот сараптамасы тағайындалды», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Қаза болған төртінші адам – сарбазды бөлімге жеткізген такси жүргізушісі болған.

Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың денелерін туған жеріне жеткізу үшін әскери борт бөлінетінін, сондай-ақ барлық қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...