Волейболдан сән әлеміне: Сабина Алтынбекова Fashion Week-те көзге түсті

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
12
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова спорттық алаңнан сән әлеміне қадам басып, Kazakhstan Fashion Week сән апталығына қатысты. Спортшы шарадан түсірілген фото және видеоларын Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Волейболшы сән көрсетілімінен бірнеше сурет пен видео бөлісіп, іс-шараның ерекше атмосферасын көрсетті.

«Өмір жарқын түстер мен әдемі сәттерге толы. Сән көрсетілімдері мен жаттығулардан бастап, күнделікті қарапайым тіршілікке дейін әр сәттің өз әдемілігі бар. Өмірді жақсы көремін және әрбір сәт пен жолыққан әр адам үшін алғыс айтамын», – деп жазды Сабина Алтынбекова.

Спортшының жазбасына оқырмандары да жылы лебіздерін білдіріп, оның сұлулығы мен талғамына тәнті болғанын жазды.


Желі қолданушыларының арасында:

  • «Сізге қатты тәнтімін!»

  • «Бақытты бол, айналайын!»

  • «Керемет көрінесіз!» деген пікірлер бар.

Сабина Алтынбекованың сән апталығындағы образдары әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Премьер-министр Олжас Бектенов "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ ұжымына басқарманың жаңа...

АЙМАҚТАР

Алматы мен Астанада алдағы үш күнде ауа райы айтарлықтай өзгереді. Оңтүстік астана +20 градусқа де...