Әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның болашағы мен қазақ тілі туралы айтты, деп хабарлайды MADENIPOR...
Алматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды
Фото: MadeniPortal.kz
Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасының жеңімпаздары марапатталды. Биыл алты бағыт бойынша үздік деп танылған 13 жобаға жалпы көлемі 13 миллион теңге болатын грант бөлінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Байқау Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Алматы студенттер альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өтті.
Жобаның басты мақсаты – жастардың тың идеяларын қолдау, шығармашылық, зияткерлік және кәсіби қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Сондай-ақ жас буынның қоғамдық өмірге белсене араласуына, елдің дамуына үлес қосатын бастамаларын жүзеге асыруына мүмкіндік беру.
Салтанатты марапаттау рәсімін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және ақпаратпен қамту бөлімінің басшысы Ермұхаммед Сейтханұлы ашты. Ол жастарды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтап, қалада жас буынның бастамаларын қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Оның айтуынша, биыл байқауға 250-ден астам жастан өтінім түскен.
«Ең алдымен, Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтаймын. «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы осы мерекеге орай арнайы ұйымдастырылып отыр. Қаламызда жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған көптеген жоба жүзеге асырылды. Елімізде алғаш рет Алматы қаласында ғылыми жобаға грант бөлінді. Мұның өзі біз үшін үлкен жетістік. 250-ден астам жастан өтінім келіп түсті. Жастарға алдағы жобаларына сәттілік тілейміз. Қаланың, мемлекеттің дамуына үлес қоса беріңіздер», – деді Ермұхаммед Сейтханұлы.
Алты бағыт бойынша 13 жоба үздік деп танылды
Биылғы байқауда ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік бағыттар қамтылды.
Үміткерлерді іріктеу барысында ұсынылған жобалардың өзектілігіне, жаңашылдығына, қоғам үшін маңызына және оларды жүзеге асыру мүмкіндігіне назар аударылды. Нәтижесінде 13 жас грант иегері атанды.
Ғылым бағыты бойынша:
- Крыкбаев Еркин Алийбекович;
- Тажібек Медина Бекзатқызы.
Мәдениет бағыты бойынша:
- Қабдырах Алмагүл Шалабайқызы;
- Хайдархан Жанна Ерланқызы.
Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша:
- Қалкөз Ернат Маратұлы;
- Рахишев Алижан Еркинбекович.
Бизнес бағыты бойынша:
- Тутова Айгерим Нуржанқызы;
- Ақбота Токен Ерланқызы;
- Сағай Қызғалдақ Халаганқызы.
Медиа бағыты бойынша:
- Шорманов Әкежан Марсұлы;
- Пилтан Райхане Азизқызы.
Волонтерлік бағыт бойынша:
- Табар Жәмиля Шоканқызы;
- Абдихан Перизат Махмуджанқызы.
Салтанатты кеш барысында жеңімпаздарға өз жобаларын жүзеге асыруға арналған грант сертификаттары табысталды. Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша грант иегерлерін Шұғыла Мейрамбекқызы марапаттады.
Жастардың бастамаларына жаңа мүмкіндік
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы жастардың өз идеяларын ұсынып қана қоймай, оларды нақты іске айналдыруына жол ашады. Әсіресе ғылым мен ақпараттық технологиялар саласындағы ізденістерге, кәсіпкерлікке, мәдениетке және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қаржылай қолдау көрсету жас мамандар үшін үлкен мүмкіндік саналады.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай қолға алынған бастама ел болашағына бейжай қарамайтын, білімі мен еңбегі арқылы қоғамға үлес қосуға ұмтылған жастарды қолдауға бағытталған.
Енді грант иегерлері өз жобаларын жүзеге асырып, таңдаған салаларының дамуына үлес қосуға мүмкіндік алды.