Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Фото: Павлодар облысы ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
2115

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Полиция дерегінше жол апаты 5 сәуір күні "Қызылорда–Павлодар" автожолының 1153-шақырымында болған. 

“ CHEVROLET COBALT маркалы автокөліктің жүргізушісі , алдын ала мәлімет бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, рөлді басқара алмай, көлік құралының жол жиегіне аударылып кетуіне себеп болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді”, – делінген хабарламада. 

Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталады.

Сонымен қатар Павлодар облысының Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...