Сауда орталығынан өрт шығып, 8 адам ажал құшты

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
4126

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясының Цяоси ауданында өрттен сегіз адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.

Өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 08:40 шамасында көкөністер мен басқа да қажетті заттарды сататын сауда орталығында басталды. Өрт сөндірушілер шұғыл әрекет ету бригадаларымен және дәрігерлермен бірге құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына жедел келді. 10:10 - да өрт сөндірілді.

Ал іздеу-құтқару жұмыстары түсте аяқталды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...