Астана мен Алматыда Air Astana рейстері жаппай кешігіп жатыр

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1161

Астана мен Алматыда Air Astana рейстері жаппай кешігіп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Авиакомпания өкілдерінің хабарлауынша, қалың тұман мен көрінудің нашарлауына байланысты рейстердің кезекпен кешігуі және ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуде.

Алматыда 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Airbus A320neo ұшақтарымен орындалатын рейстерге шектеу қойылды — көріну деңгейі 150 метрден төмендеген. Астанада да ұшып келу және ұшып шығу уақыты өзгертіліп жатыр.

Air Astana кестені мүмкіндігінше тез қалпына келтіруге тырысып жатқанын, тіпті FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағы да іске қосылғанын мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Астана Опера» сахнасында 2026 жылдың 25  қыркүйегіне жоспарланған «Щелкунчик...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанның Патиала қаласында қазақстандық бапкерге қатысты кәмелетке толмаған спортшыны зорлады дег...