Шахтада қаза болған кеншілердің аты-жөні белгілі болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
932

Шығыс Қазақстан облысының кенішінде қаза болған кеншілердің аты-жөні жарияланды, деп хабарлады madeniportal.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша,  4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

«Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді. Еңбекминінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - деп жазды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды.

«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:

  • ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;
  • ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

  • ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;
  • ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

«Востокцветмет» ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда өткен концертте Димаш Құдайбергенге қосылып ән шырқаған мүгедектер арбасындағы жігіттің виде...

Шоу-бизнес

Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембек актер Шәріп Серіктен тұрмыста кезінде көрген қорлығын...