Төрт жыл бойы іздеуде жүрген күдікті 8 жылға сотталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
588

Павлодар облысында 2022 жылы адам өлімімен аяқталған қылмыстың мән-жайы төрт жылдан кейін анықталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тергеу мәліметінше, 2022 жылдың қыркүйегінде Шарбақты кентіндегі үйлердің бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған. Алайда сол кезде қылмысты ашу мүмкін болмаған.

2026 жылы қосымша жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті анықталды. Ол марқұмның танысы болып шыққан. Белгілі болғандай, оқиға күні екеуі бірге ішімдік ішкен. Кейін араларында жанжал туындап, күдікті жәбірленушіге ауыр дене жарақаттарын салған. Соның салдарынан ер адам көз жұмған.

Жиналған дәлелдер негізінде күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Наурыз айында Шарбақты аудандық соты оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің 17 дерегі ашылған, оның төртеуі адам өліміне байланысты болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...