Шерзат Полатты өлтіргендердің бірі бұрын 4 рет сотты болған

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1153

Талдықорғанда 16 жасар Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот өтіп жатыр. Бүгін сот отырысында прокурор Азамат Тоқтаубаевтың неліктен пробациялық шешімді бұзғанын сұрады. Оның бұған дейін бір емес, төрт рет істе болғаны анықталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Азамат Тоқтаубаев өзінің пробациялық бақылауда емес үйқамақта болғанын және денсаулығына байланысты дәріханаға баруға тура келген соң, сыртқа шығуға мәжбүр болғанын айтты. Осылайша өзінің заң бұзғанын мойындады.

Азамат Тоқтаубаев Шерзат Полат ісі бойынша уақытша ұстау изоляторында отырғанда үйқамақта отырған ісі бойынша 7 жылға үкім шыққанын айтты.

Тоқтаубаев бұрын 106-бап, яғни «адам денсаулығына қасақана зиян келтіру» фактісі бойынша істі болған.

Азамат Тоқтаубаев — 2017-2018 жылы,  2022 жылы және 2024 жылдары істі болған. Оған осы соңғысы ісінде 7 жылдық үкім шыққаны белгілі болды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...