2022 жылғы Қаңтар оқиғаларына қатысы бар күдікті Грузияда ұсталды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
458

2022 жылғы Қаңтар оқиғалары бойынша күдіктілердің бірі үш жылдан астам уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол Қазақстанға өз еркімен емес, мәжбүрлі түрде жеткізілді. Күдікті Грузия аумағында ұсталып, экстрадицияланды.

Бас прокуратураның мәліметінше, ұсталған адам Ресей Федерациясының азаматы болып шыққан. Тергеу барысында оның 2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласында болған жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді түрде қатысқаны анықталды. Сонымен қатар, ол адамдарды ұрлау және олардың мүлкін күш қолдану арқылы иемдену қылмыстарына күдікті.

Күдікті қыркүйек айында Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауда отыр.

Ресей азаматы өзіне тағылған қылмыстар үшін жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде Джеки Чанның командасының Ақтауға келгені туралы ақпарат берілген видео пайда болд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылғы 29 қаңтарда Санкт-Петербургтің Ленин аудандық сотында танымал боксшы Дмитрий Биволдыңбұры...