“Шерзатты өлтіргендердің ата-анасы тыншымай тұр”: Олар Тоқаевтан көмек сұрады

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
3225

Шерзат Полатты өлтірген сотталғандардың ата-анасы мен қоғам белсендісі Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Stan.kz ақпаратына сүйенсек, Шерзат Полаттың қазасы бойынша сотталғандардың ата-анасы құзырлы органдарға жүгінді. Олардың айтуынша, бұл іс бойынша айыпталушылардың бәрі сотталған жоқ. Жәбірленуші тарап та жауапқа тартылуы керек дегеннен танбай отыр.

Олардың айтуынша, марқұмның отбасы өз мақсатына жету үшін түрлі құралдарды, әлеуметтік желілерді, тыйым салынған психологиялық әдістерді қолданыпты. Сондай-ақ арандатушылық әрекеттерге барған екен.

Үндеуде айтылған сөзге сүйенсек, Қаржаубай полиция қызметкерлерін пышақпен қорқытып, көлігіне зақым келтірген. Ал оның қарындасы полицейді күрекпен ұрған. Олардың туысы Бақыт Реймова халықты тәртіпсіздікке шақырып, Тоқаевты балағаттапты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...