Танымал қазақстандық әнші қайтыс болды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
548

Қазақ өнері ауыр қазаға ұшырады. Өнер қайраткері, танымал әнші Болат Әбдіахметов дүниеден өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қаралы хабарды әншінің жақындары әлеуметтік желіде жариялады.

«Қазақтың кәсіби өнеріне өзіндік үлесін қосқан, біртуар азамат, кәсіби әнші, өнер қайраткері Болат Әбдіахметовтің дүниеден өтуіне байланысты жарына, бала-шағасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Болат Әбдіахметов – Мәскеуде кәсіби білім алып, өнердің биік белестерін бағындырған, қазақ мәдениеті мен өнеріне адал қызмет еткен зиялы азамат еді», – делінген жазбада.

Болат Әбдіахметов Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік музыка училищесінде эстрада және джаз бағытында кәсіби білім алған.

Өнер жолында әнші Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Ресей, Қытай және Таиланд сахналарында концерт беріп, қазақ музыкасын шетелдік тыңдарманға таныстырды.

Болат Әбдіахметов көпшілікке «Жалаңаяқ қыз», «Сұлуым» секілді әндерімен кеңінен танылды. Оның шығармашылығында Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жалаңаяқ қыз» әнінің орны ерекше. Туынды Қазақстан мен Орталық Азияда ғана емес, Еуропаның бірқатар еліндегі тыңдарманға да жеткен.

Әншінің өмірден өтуіне байланысты өнердегі әріптестері мен жақындары оның отбасына көңіл айтып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында туристер арасында танымал табиғи орындардың бірінде аспалы шыны көпірдің құрылысы...

СПОРТ

Қазақстандық дзюдошы Ажар Асхат Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан 2...