Сот ҚазТАГ басшысы Әсет Матаевты екі айға қамауға алды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1056

Бұл туралы адвокат Рена Керимова «Азаттық» радиосына мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Сот екі айға қамады, бірақ прокуратураға дереу медициналық көмек көрсету қажеттігін ескертті», — деді адвокат.

Керимованың сөзінше, Матаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша іс тоқтатылған. Алайда 254-бап бойынша айып әлі қаралып жатыр.

Ал негізі Матаевқа қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша айып тағылып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 17 наурыз күні Алматы полициясы Әсет Матаевтың төбелес кезінде ұсталғанын растаған. Әсет Матаевты әлдекімдер ұрып-соққаны да белгілі болды. Адвокат оның басы жарылғанын, өзін нашар сезінетінін айтқан еді.

Кейін «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...