Сарыағаштық оқушы Тоқаевтан сыйлық алды

www.gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
331

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Хиуаз Аршабай есімді оқушы өз арманын хатқа түсіріп жолдаған, деп хабарлады Madeniportal.kz.

Хиуаз Аршабай көпбалалы отбасыда дүниеге келген, жанұядағы алтыншы қыз. Бауырларының барлығы да өнер білімге бір табан жақын, ізденімпаз. Президентке жазған хатында ол ТМД бойынша үздік студент атанған әпкесіне арнап ноутбукты сыйға тартуды, сонымен қатар мемлекет басшысымен жүздесуді жазған болатын. Алдағы уақытта ол білім көкжиегін жан-жақты арттырып, Президентпен кездесуді мақсат етіп отыр.

Хиуаз Аршабайдың Мемлекет басшысына жазған хатында өзіндік арман-тілектері жазылған. Бұл хат мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалмады. Ел Президенті Хиуазға өз атынан сыйлық жолдады. Елордадан келген сыйлықты Түркістан облыстық білім басқармасының мамандары табыстады. Президенттің бұл жауабы - ауыл мектебінде тәрбиеленіп жатқан Хиуаз үшін үлкен қуаныш.

Хиуаз Аршабай тек оқу үлгерімі жағынан ғана емес, шығармашылық және интелектуалдық қабілеттерімен де ерекшеленеді. Бастауыш сыныбында оқып жүріп-ақ облыстық, республикалық деңгейдегі бәсі биік білім бәйгелерінде топ жарып, халықаралық жарыстарда да білім біиігінен көрініп келеді. 2023 жылы Түркия еліндегі байрақты додада ел абыройын асқақтатып, байрағымызды биікте желбіретіп еді. Мектеп басшысы мен дарынды оқушының ұстаздары да Хиуаз Аршабайды тек мектебінің мақтанышы ретінде емес, болашақта қоғамға пайдасы тиетін тұлға ретінде көретінін жеткізді. Бұл оқиға мектеп ұжымына үлкен қуаныш әкеліп, Хиуаздың жетістігі тек оның жеке еңбегі ғана емес, мектебі мен анасының ұдайы қолдауының арқасында екендігін айтты.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада полиция көлігіне түкіріп, оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған балалар жа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазгидромет алдағы демалыс күндері елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын сипаттайды,&nbs...