Мырзағали Айтжанов Сәкен Бибосыновтың жеңілу себебін түсіндірді

Фото: Olimpic.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1374

Таиландтың Чиангмей қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов жарысты ширек финалда аяқтаған болатын. Осы орайда боксшының жеке бапкері Мырзағали Айтжанов бұл жағдайдың себебін түсіндірді, деп хабарлайды madeniportal.kz “Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Азия чемпионатының ширек финалында Сәкен Бибосынов (51 кг) өзбекстандық боксшы Асылбек Жалиловке есе жібергенін хабарлаған едік.

“Көбісі біле бермейтін шығар, бірақ біз сылтау айта беретін адамдар қатарынан емеспіз. Ұлттық құраманың бас бапкері, дәрігері де жағдайды түсініп отыр. Өйткені жеңіске жете алмауына бір-екі жағдай себеп болды. Рингке шығар алдында жарақаты болды. Сондықтан біз жоспарлағандай өнер көрсете алмады. Енді қайтадан қатарға қосылып, елдің мерейін асқақтата береді", - деді Мырзағали Айтжанов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатында 4 алтын, 5 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 2-орынға табан тіреген еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...