Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми...
ШҚО-да әйел мен екі баласы көз жұмды
Фото: freepik
27
Шығыс Қазақстан облысының Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, оқиға орнынан әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде жалын үйді түгел шарпып, шатыры опырылып түскен.
«Өртті сөндіру кезінде әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды. 63 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді», – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.