«Айыппұл төлеңіз»: Қазақстандықтарға қауіпті SMS келіп жатыр

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
560

Алаяқтар жалған хабарлама арқылы тұрғындардың банк деректерін қолға түсіруге тырысып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қарағанды облысында жалған айыппұл хабарламаларын жіберетін алаяқтар көбейген.

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тұрғындарға «ҚР Жол полициясы департаменті» атынан SMS-хабарламалар келіп жатыр. Онда көрсетілген сілтеме арқылы айыппұлды шұғыл төлеу талап етіледі.

Полиция департаменті мұндай хабарламаларды алаяқтар таратып отырғанын ескертті. Олардың мақсаты – азаматтардың банк деректерін қолға түсіріп, есепшоттағы ақшасын иемдену.

Полицейлер тұрғындарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге және белгісіз сайттарға банк картасының мәліметтерін енгізбеуге шақырды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...