Түркістан облысында медициналық жабдық сатып алу кезінде 115 млн теңге ұрланған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
205

Тергеу дерегінше, Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бұрынғы бас дәрігері медициналық жабдықты жасанды түрде «бөлшектеп» сатып алу схемасы арқылы алдырған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Яғни бір келісімшарттың орнына бірнеше келісімшарт жасау үшін сатып алуды жеке-жеке позицияларға бөліп жіберген.

Ол бұл іске медициналық бұйым жеткізумен айналысатын таныс әйелін тартқан. Әйел туыстары мен таныстарының атына рәсімделген фирмаларды пайдаланып, бағасы қолдан көтерілген коммерциялық ұсыныстар дайындаған. Ал шын мәнінде жабдықты үшінші бір компания жеткізген. Бірақ актілер мен келісімшарттар өздері бақылауда ұстайтын ұйымдар арқылы рәсімделген.

Бюджет қаржысы түскеннен кейін күдіктілер ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліскен. Мемлекетке келтірілген шығын 115 млн теңгені құраған.

Осы ақшаға әйел Астанадан екі бөлмелі пәтер сатып алған. Сот бұл мүлікке тыйым салды.

Бұрынғы бас дәрігерге бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды. Ал оның күдікті сыбайласы үйқамақта отыр.

Істің басқа мән-жайы жарияланған жоқ — тергеу жалғасып жатыр.

АЙМАҚТАР

Астана қаласының прокуратурасы медиа саласы өкілдері мен студенттерге құқықтық білім беру бойынша ал...

СҰХБАТТАР

- Ұларбек мырза! Сіз әдебиетке келгенде ең алдымен қалың көпшілікке ақын ретінде танылдыңыз. Поэзия...