Қазақстандағы теміржол вокзалдары күрделі жөндеуден өтеді

ЖАҢАЛЫҚТАР
2966

Елімізде күрделі жөндеуді қажет ететін 59 темір жол вокзалы күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында көлік министрі Марат Қарабаев, айтты деп хабарлайды madeniportal.kz.

Фото: qarmaqshy-tany

Түркістан, Қызылорда, Шымкент және Павлодардағы темір жол вокзалдары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Өкінішке қарай, қалғандарына мүлдем қаржы да бөлінбеген, жағдайы да төмен, - деді министр.

Оның айтуынша, жөндеу жұмыстары әкімдіктермен бірлесіп шешіледі.

Қазіргі таңда 59 темір жол вокзалын айқындадық. Жылдың соңында біз бюджеттен қаржы бөлу жағын қарастырамыз ба? деп отырмыз. Себебі, "Қазақстан темір жолы" АҚ өз қаржысын вагон, локоматив сатып алуға жұмсауда. Мұнда темір жол вокзалының ғимаратын жөндеуді республикалық бюджеттен, ал темір жол вокзалының ауласын жөндеуді жергілікті бюджеттен қаржыландырамыз деп әкімдіктермен келісіп жатырмыз. Алайда жобалық-сметалық құжаттаманы әкімдер дайындауда. Темір жол вокзалдарын жаңарту қызмет көрсету сапасының артуына ықпал етеді, - деді Марат Қарабаев.


Шоу-бизнес

Танымал әншінің анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова екі келінімен дастархан басындағы әңгімесін ә...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...