СҚО-да тағы да полицейлер жол апатына ұшырады

Фото: social_media_kaz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1466

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түскен жол апаты тіркелді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға 9 қыркүйек күні таңертең Айыртау ауданында болған. Патрульдік полиция көлігі жолдан шығып кетіп, аударылып қалған.

“Көкшетау – Рузаевка тасжолында қызметтік Hyundai Elantra көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кеткен әрі көлік аударылған”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері атап өткендей, оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

“Жол апаты салдарынан қызметтік міндетін атқарып жүрген ішкі істер органдарының екі қызметкері – жүргізуші мен жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді”, – деді СҚО ПД.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент қаласы бокс федерациясының медиа директоры қызметіне тағайы...

Шоу-бизнес

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап...