Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы бесінші сәбиін өмірге әкелді

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
622

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жұбайы Гүлайым Рахмонова отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол Instagram парақшасына жаңа туған сәбидің суретін жариялап, бесінші баласын өмірге әкелгенін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонованың бесінші сәбиіне жүкті екені белгілі болған еді. Алайда ол нәрестенің жынысы, нақты қашан дүниеге келгені және есімі туралы әзірге мәлімет берген жоқ.

Еске салсақ, біраз уақыт бұрын Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасып кеткенін айтқан. Сондай-ақ ол спортшының өзін неке шартын жасауға көндіргенін мәлімдеген еді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...