Қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі Ағымсалы Дүзелхановтың көз жұмды

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1054

Қазақ бейнелеу өнерінің белгілі өкілі көз жұмды деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ағымсалы Дүзелхановтың мезгілсіз қазасына байланысты қайғырып көңіл айтты. 

Ведомство марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша қазақ халқына орны толмас қазаға ортақтасып, қайғыра көңіл білдірді.

«Ағымсалы Дүзелханов – бейнелеу өнерінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған бірегей суретші. Оның шығармалары халқымыздың рухын, ұлттық болмысын, замана тынысын айқын көрсетті. Сондай-ақ, ол ұлттық өнердің көкжиегін кеңейтуге зор үлес қосты. Ұстаз ретінде көптеген жас суретшілерге жол көрсетіп, олардың кәсіби дамуына ықпал етті.Қазақ мәдениеті мен өнеріне өлшеусіз еңбек сіңірген тұлғаның мол мұрасы мен жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталмақ.Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын», - делінген хабарламада. 

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...

PESTEL

«Қылмыстық чтиво» және «Маска» фильмдеріндегі рөлдерімен танымал америкалық...