“Шабуылдан кейін”: Руслан Берденов алғаш рет мәлімдеме жасады

Фото: instagram

ЖАҢАЛЫҚТАР
1992

Жарақат алған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Руслан Берденов әлеуметтік желідегі парақшасына жазба жариялап, болған оқыс оқиғаны сөзбен айтып жеткізу мүмкін еместін айтты.

«Алайда, сынаққа толы болған осы уақыт аралығында көптеген адамдардың, әріптестерімнің, тамыр-таныстарымның жанашырлығын, қолдауын, тілектестігін сезіндім. Телефоныма түскен қоңыраулар, хабарламалар, әлеуметтік желідегі тілеулес жазбалар көңіліме демеу болғанын, күш-қуат бергенін, сергіткенін айтқым келеді. Міне, 3 аптаға созылған ауруханадағы күндерім аяқталып, өзім де аяқтан тұрып, күнделікті тіршілігіме оралатын сәт таяп қалды. Әлбетте, бірінші Алланың, содан соң дәрігерлеріміздің жіті бақылауының, ем-домының арқасында денсаулығым оңалды, қалпына келді», - деп жазды Берденов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...